386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев ҰҚШҰ отырысына қатысады

  • 183
  • UPD: 12:09, 28.11.2019

Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезекті отырысы өтеді. Келелі кеңеске Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. 

Биыл бұл ұйымға Қырғызстан тарапы төрағалық етеді. Қазір ауқымды шараға қызу дайындық жүріп жатыр. Шамамен жарты сағаттан кейін 6 елдің басшысы шағын құрамдағы отырысқа қатысады. Жиында Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайту, терроризммен күрес, Ауғанстандағы қазіргі ахуалды жақсарту сынды өте өзекті мәселелер қаралмақ. Одан бөлек осы ұйымға мүше мемлекеттердің әскери әлеуеті де сөз болады. Тараптар бірлескен әскери оқу-жаттығу шараларын өткізу мәселесін талқылайды.

Хабар 24 телеарнасы