384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына өзгерістер енгізілді

  • 200
  • UPD: 17:00, 28.11.2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік қызметкерлер, министрлер мен олардың орынбасарлары, әкімдер мен олардың қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаса міндетті түрде отставкаға кету керек.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері енгізілген өзгерістер жайлы баяндап берді.

Олжас Бектенов, ҚР СЖҚІҚ агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:

– Бұл заң еліміз үшін өте маңызды.Әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы енгізілген өзгерістер өте өзекті. Бүгін коррупцияға қарсы күрестің жаңа кезеңі басталып жатыр деп айтсақ та артық болмас. Олай айтуға толық негіз бар.

Хабар 24 телеарнасы