384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде Кореяның Орталық Азия елдерімен достық күні өтті

  • 130
  • UPD: 13:03, 28.11.2019

Шараға аймақтың бес мемлекетінің елшілері, Оңтүстік Кореяның қоғам және саяси қайраткерлері қатысты. Кездесуде ресми Сеул, Нұр-Сұлтан, Ташкент, Ашхабад, Бішкек және Душанбе арасындағы қатынастардың даму перспективаларын талқылады.

Сарапшылардың пікірінше, өткен жыл Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардағы бетбұрыс болды. Оңтүстік Корея Президенті Мун Чже Ин сәуір айында Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстанда болды. Шілдеде премьер-министр Ли Нак Ённың Тәжікстан мен Қырғызстанға ресми сапары өтті. Сеулдегі кездесуге қатысушылар ынтымақтастықты кеңейту туралы өз ұсыныстарын білдірді. Достық күнін Корея мен Орталық Азия достық қауымдастығы ұйымдастырды. Бұл мемлекеттік емес ұйым жиырма жеті жыл бойы мемлекеттер арасында байланыс орнатып келеді.

Хабар 24 телеарнасы