384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚШҰ кеңейтілген отырысы басталды   

  • 123
  • UPD: 15:30, 28.11.2019

Бішкекте ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезекті сессиясы өтіп жатыр. Алты елдің Президенттері кеңейтілген құрамдағы отырыста күнтәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.

Осыған дейін мемлекет басшылары шағын құрамда кездескен еді. Алайда жиын жабық есік түрінде өтті. Саммит Қырғыз елінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Олар осы ұйымға биыл төрағалық етуде. Келелі кеңесте бірнеше маңызды құжаттар қабылданады деп жоспарланған. Тараптар бірлескен әскери-оқу жаттығу ұйымдастыру, аймақтағы қауіпсіздікті нығайту мәселелерін сөз етеді.

Хабар 24 телеарнасы