384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келесі жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Ресей төрағалық етеді

  • 137
  • UPD: 18:32, 28.11.2019

Келесі жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Ресей федерациясы төрағалық етеді.

Бұл туралы Бішкекте өткен саммитте мәлім болды. Алты елдің басшылары ұйым аясында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытқа жоспарланған шаралардың негізгі бағыттарын айқындады. Биыл ұйымға мүше мемлекеттердің қарулы күштері бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізген. Соның арқасында жауынгерлер өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алған.

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз республикасының президенті:

– Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында дағдарыстық іс-қимыл жасау орталығын құқықтық рәсімдеу аяқталып, әскери, әскери-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастық саласында қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар жасалды. Бұл ретте ірі оқу-жаттығулар өткізілді. Нәтижесінде ұйымға мүше елдердің қарулы күштері өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін шыңдады.

Хабар 24 телеарнасы