384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шавкат Мирзиёев Қазақстанның Тұңғыш Президентіне алғыс білдірді

  • 103
  • UPD: 15:24, 29.11.2019

Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуі аясында Ташкентте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шавкат Мирзиёев жиынды өткізуге қолдау білдіргені үшін Қазақстанның Тұңғыш Президентіне алғыс білдірді. Былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен, биыл Ташкентте екінші рет ұйымдастырылып отырған консультативтік кездесуде аймақтың саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзекті мәселелері талқыланып жатыр. Жаһандық және аймақтық ахуал бойынша Орталық Азия елдерінің көзқарасы көбіне-көп бірдей.

Халықаралық деңгейде бір-бірінің бастамаларын үнемі қуаттап отырады. Сан саладағы байланысты саябырсытпау үшін өңірлік ұйымдар аясында жиі кездесу өтеді.

Соның бірі – Орталық Азия елдері көшбасшыларының консультативтік кездесуі.

Хабар 24 телеарнасы