384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауытбек Әбдірахманов ЕҰУ студенттеріне «Көшбасшы феномені» атты дәріс оқыды

  • 222
  • UPD: 16:50, 29.11.2019

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай еліміздің барлық білім беру орындарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сабақтар мен дәрістер ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасы негізін қалаған Лев Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті де аталған іс-шараны қолдап, Парламент Мәжілісінің депутаты, Елбасы туралы бірнеше кітап жазған, танымал ғалым, журналист Сауытбек Әбдірахмановтың «Көшбасшы феномені» тақырыбында дәрісін өткізді. Іс-шараның мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі қайраткерлігін, қоғамдық-саяси қызметі мен еңбектерін кеңінен насихаттау, жастардың отаншылдық сезімін дамыту. Дәріске университет басшылығымен қатар, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, профессор-оқытушылар мен елорда жастары қатысты.

Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 1 желтоқсан – біздің демократиялық даму тарихын жаңаша басталған күніміз, бүкілхалықтық таңдау жасап, ел деп сенген ерге тізгін берген күніміз. Конституциялық талаптар бойынша Президенттік Республикаға айналған күніміз. Осындай күнге орайластырып Гумилев атындағы университет басшылығы дәріс оқуға шақырғанын разылықпен қабыл алдым. Елбасының өмірі мен қызметі туралы студенттерге айтып бердім.

Хабар 24 телеарнасы