384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей және Қазақстан саясаттанушылары Еуразиядағы жаңа геосаяси форматты талқылады

  • 129
  • UPD: 22:21, 30.11.2019

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ресейдегі Қазақстан елшілігінде екі елдің саясаттанушылары Еуразиядағы жаңа геосаяси форматты талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, Елбасы ұсынған еуразиялық интеграция бүгінде тиімді экономикалық одақ түрінде іске асып отыр. Ал «Үлкен Еуразия» тұжырымдамасы бірнеше халықаралық ұйымның серіктестігін қамтиды. Сарапшылар «бұл жоба бірте-бірте өзіндік бет-бейнесін айқындап келеді» деген пайымда.

Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, Гумилев атындағы ЕҰУ заманауи зерттеулер институтының директоры:

- Көршілес елдердің серіктестігі үнемі бір қалыпта тұрмайды. Түйткілдер табылып жатады. Сондықтан әрдайым сол мәселелердің түйінін тарқату керек. Ал сарапшылар қауымдастығы осы процестердің бәрін жіті назарда ұстап отыруы тиіс.

Дарья Чижова, ММУ Ақпараттық-аналитикалық орталығының директоры:

- Еуропа санкциялары, айрықша экономикалық жағдай мен қауіпсіздік саласындағы ахуалға байланысты бұл тұжырымдаманың мән-маңызы жөнінде талқылау қажет. Сонымен қатар осы тұжырымдама негізінде қандай геоэкономикалық, геосаяси аспектілер болуы тиіс деген түйткілдерді қарастыру керек.

Хабар 24 телеарнасы