377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тигран Саркисян: Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақты дамытудағы рөлі айрықша

  • 305
  • UPD: 22:31, 30.11.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастаманы жүзеге асырудағы рөлі өлшеусіз.

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян осылай деді.

Оның айтуынша, одақ аясында атқарылған көптеген жобалар Қазақстанның Тұңғыш Президенті айқындаған бағыт-бағдардың арқасында іске асқан. Тигран Саркисян: «Нұрсұлтан Назарбаевтың бір бойында стратегиялық бағдар құру, көрегендік әрі жаһандық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыра білу секілді саясаткерге ең қажет қасиеттер топтасқан», - дейді.

Тигран Саркисян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:

- Тағы бір айта кетерлік жайт, Нұрсұлтан Назарбаев біздің транзиттік әлеуетімізді көтеруге ерекше көңіл бөліп келді. Себебі бізде басқаларға қарағанда айтарлықтай басымдық бар. Ол – жер аумағы. Сондықтан Азия мен Еуропаны жалғайтын көпір бола аламыз.

Хабар 24 телеарнасы