378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гаагада Тұңғыш Президент туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

  • 363
  • UPD: 14:24, 01.12.2019

Нидерландтағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Гаагада Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев жайлы деректі фильмнің тұсаукесері өтті. «Избранный временем» деп аталатын тың туындыда тәуелсіз елдің қалыптасуы мен дамуының барлық кезеңдері қамтылған.

Тұңғыш президент – Елбасы қорының тапсырысымен түсірілген туындыға Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ мемлекетін қалыптастырудағы тарихи миссиясы арқау болды. Режиссер Радик Кудояров түсірген деректі фильмнің тұсакесеріне голландиялық дипломаттар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, бизнесмендер мен ғалымдар шақырылды.

Ғани Бекенов, Тұңғыш Президент – Елбасы қорының лондондағы өкілдігінің басшысы:

- Фильм желісі Қазақстанның қазіргі заман тарихын қамтыды. Яғни 1991 жылы Кеңестік кезең құлдырған сәттен бастап, бүгінге дейінгі ел жағдайы хронологиялық ретпен сипатталады. Мұны голланд қоғамына көрсетудің маңызы зор. Менің ойымша, фильм арқылы көрермендер Қазақ елінің соңғы ширек ғасыр ішіндегі жетістікке жету жолымен тереңнен танысты. 

Хенк Ниебор, Қазақстанның Нидерландтағы құрметті консулы:

- Маған Тұңғыш президенттің көзқарасымен Қазақстан тарихымен танысу өте қызық болды. Алмағайып заманда ел тізгінін қолына ұстаған Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты.  

Қазақстанның Нидерландтағы елшісі Мағжан Ілиясов еліміздегі соңғы саяси өзгерістер, президенттік сайлаудың барысы мен нәтижелері, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу, инвестиция тарту мен көпвекторлы сыртқы саясатты жалғастыру бойынша белгілеген тапсырмалары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Еуроодақ арасындағы өзара ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.  

Арт Хаувинк, Нидерланд іскерлік топ өкілі:

-Фильм қазақ халқының болмысын паш етті. Сонымен қатар Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саясаттағы беделінің жоғары екенін де көрсетеді. Бұл мақтанарлық жағдай.

Рини Вагтманс, Нидерландтың қоғам қайраткері: 

- Мен фильмнен 30 жыл бойы елдің қамын ойлап, Қазақстанда бейбіт өмірдің орнауына барынша күш салған өте мықты президентті көрдім. Өз елін ядролық қарудан азат етіп, Украина мен Сирияда бейбіт өмір орнатуға мүмкіндік жасаған тұлғаға әлі күнге дейін Нобель бейбітшілік сыйлығы берілмегеніне таң қаламын. 

Іскерлік топ өкілдерінің айтуынша, екі ел арасындағы тұрақты саяси қарым-қатынас - бұл сәтті экономикалық өзара іс-қимылдың негізі. Сындарлы саясат, жағымды инвестициялық климат пен Қазақстанның әлемдегі геосаяси рөлінің арқасында еліміз бүкіл Еуразия аумағында сауда қатынастары бойынша көшбасшы бола алады. 

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы