384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент қазақ елін Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

  • 183
  • UPD: 22:00, 01.12.2019

Еуропарламент депутаттары Қазақстан халқын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парламентарийлер Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз әрі табысты мемлекет құрудағы рөлін өте жоғары бағалап, Елбасының ерен еңбегінің арқасында Қазақ елінің экономикасы қарыштап дамыды деп есептейді. Қазір Қазақстанның әлемдік аренада өзіндік орны бар дейді олар.

Рышард Чарнецкий, Еуродепутат, «Қазақстан – Еуроодақ» достық тобының басшысы:

– Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік аренада Қазақстанның өзіндік орнын қалыптастырып, іргелі елге айналуы үшін бәрін жасады. Менің ойымша, ол тек Қазақстан тарихында ғана емес, әлем тарихында да ерекше орын алады.

Андрис Америкс, Еуродепутат:

– Бірінші кезекте мен барша қазақ халқын мерекемен құттықтағым келеді. Мен Нұрсұлтан Назарбаевты өте дана әрі көреген саясаткер деп санаймын. Ол елдегі тұрақтылықты сақтап қала білді. Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруі Тұңғыш Президентке деген құрмет деп білемін.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы