384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаткер: Нұрсұлтан Назарбаев – түркі әлемінің көшбасшысы

  • 214
  • UPD: 19:45, 03.12.2019

«Түркі мемлекеттері ынтымақтастығы жолындағы көреген көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаев». Анкарада осындай атаумен конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық іс-шараға түріктің белді саясаткерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, түркі тілдес мемлекеттердің журналистері және жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Еліміздің елшілігі мен «ЭкоЕуразия» қауымдастығының ұйытқысымен өткен конференцияның жұмысы екі панельдік сессия бойынша өтті. Онда қатысушылар Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған маңызды экономикалық және әлеуметтік реформалар, халықаралық саяси және мәдени бастамалары жөнінде ой толғады.

Хикмет Эрен, «ЭкоЕуразия» қауымдастығының басшысы:

Түрік халқы Нұрсұлтан Назарбаевты қатты құрметтейді. Сондықтан бүгінгі шараны ұйымдастыру біздің азаматтық борышымыз. Шараның мақсаты Елбасы жайлы ғалымдарымыз бен саясаткерлердің баяндамасын топтастырып, болашақ ұрпақтарымызға кітап ретінде тарту ету. Онда Назарбаевтың 30 жылдық көшбасшылығы, халықаралық бастамалары мен стратегиялық жолы баяндалады.

Абдулуахап Қара, М.Синан университетінің профессоры:

- Елбасымыздың түркі елдері ынтымақтастығындағы пікірі қандай? Мұны жақсы білуіміз тиіс. Өйткені бұл туралы көптеген пікірлер айтылып жатыр. Менің ойымша, елбасының әсіресе, экономикалық және мәдени тұрғыдағы бастамалары өте маңызды. Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы негізінде құрылған ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясы, ТүркПА және Түркі кеңесі мен Түркі академиясының да ортақ мүддеге берері мол.

Хабар 24 телеарнасы