386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның елшісі ҚХР төрағасына сенім грамоталарын тапсырды

  • 97
  • UPD: 12:06, 04.12.2019
Қазақстанның елшісі ҚХР төрағасына сенім грамоталарын тапсырды

Бейжіңде Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшісі Ғабит Қойшыбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін өткен қысқаша кездесу барысында, ҚХР төрағасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы сәлем мен ізгі тілектерін жеткізді. Қытай басшысы сондай-ақ екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету мақсатында Қазақстанмен тығыз саяси диалогты қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде, Ғ.Қойшыбаев қазақстандық тараптың Қытаймен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге дайындығын растай отырып, жаңа лауазымда екіжақты стратегиялық әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтеру үшін барлық күш-жігерін салатынына сендірді.

Хабар 24 телеарнасы