384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы бірқатар салада табысты еңбек етіп жатқан азаматтармен кездесті

  • 126
  • UPD: 20:51, 04.12.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шәушен» шаруа қожалығының иесі Сайрамбай Дөненбаевпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұңғыш Президент аталған қожалықтың Жамбыл облысындағы әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына сүбелі үлес қосып жатқанын айтты. Өз кезегінде, Қазақстанның еңбек ері елде кәсіпкерліктің өркен жаюына жол ашқан Елбасына алғыс білдірді.

Осыдан кейін, Нұрсұлтан Назарбаев «Алматы кітап» баспасы  директорлар кеңесінің төрайымы Элеонора Баталованы қабылдады. Кездесуде  Елбасы елімізде баспа саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан іскер әйелге алғыс білдірді. Ал Элеонора Баталова Тұңғыш Президенттің арқасында қазір Қазақстанда баспа ісі бір жолға қойылғанын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– «Алматыкітап» показывает хорошую работу под вашим руководством. Вы издаёте довольно интересные и хорошие книги.

Элеонора Баталова, «Алматыкітап баспасы» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы:

– Сіздің қатысуыңызбен сол кездегі Ленин атындағы сарайда өткен жиын әлі есімде. Елде нарықтық экономика даму үшін үш тілді қатар меңгеруіміз керек деп айтып едіңіз. Соның арқасында біз 46 түрлі сөздік әзірледік. Бұл оқуықтар әлі күнге дейін кең сұранысқа ие.

Хабар 24 телеарнасы