412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Ресей шиеленіс аймақтарынан балаларды қайтару мәселесін талқылады

  • 366
  • UPD: 21:01, 05.12.2019

Қазақстан мен Ресей өкілдері Бала құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында өзара түсіністік пен әрекеттесу Меморандумына қол қойды.

Қос тарап жанжалды аймақтардан балаларды қайтару бойынша ТМД елдерімен ынтымақтасу мәселелерін талқыға салды. Еске салып кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қараша айының соңында арнайы операция аясында Ирактан 1 мен 13 жас аралығындағы 14 қазақстандық бала отанына қайтарылды. Олар Иракта лаңкестікке қатысы үшін сотталған аналарымен бірге қамауда болған еді. Қазір бұл балалар Нұр-Сұлтан қаласында арнайы ұйымдастырылған оңалту орталығына орналастырылды. Олармен дәрігерлер және психологтар жұмыс істеп жатыр. 

Аружан Саин, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі:

- Балалар отырған камераларындағы көпшілік қолданған тілде сөйлейді. Мектепке дейін тиісті дайындықтан өтіп, тілді меңгереді деп ойлаймын. Ал жасы үлкендерімен мәселені тікелей өз аймақтарында шешеміз. Олар мектепке бармағандықтан сауаттылық жағынан артта қалды. Қазір олар дәрігерлер қарауында. Толық медициналық сараптамадан өтті. Көп ұзамай барлық мәселелері шешілгеннен кейін, олар туыстарына барады. 

Анна Кузнецова, РФ Президенті жанындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілі:

- Жақын арада Сириядағы «Әл-Холь» лагері мен Дамаск түрмелерінен балаларды отанына қайтару жұмысын бастауды көздеп отырмыз. Тап осы бағытта Сирия аумағынан балаларды оралту бойынша жұмысқа кірісуді ұсындым. Өйткені Қазақстан республикасы Ирак бойынша негізгі мәселесін шешкенін білемін.

Хабар 24 телеарнасы