419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев Германия президентімен кездесті

  • 743
  • UPD: 23:48, 05.12.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның президенті Франк Вальтер Штайнмайермен кездесті.

Басқосу аясында құрметті қонақтар кітабына қол қою рәсімі болды. Франк Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуроодақ елдерінің арасында бірінші болып Германияға келгеніне алғыс білдірді. Әрі екіжақты байланысты одан әрі нығайта түсетін стратегиялық серіктестіктің орнағанын атап өтті. Мемлекеттер басшылары сан түрлі салада ынтымақтастықты ілгерілетуге уағдаласты.

Хабар 24 телеарнасы