376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам қаржы беріледі

  • 165
  • UPD: 15:33, 06.12.2019
Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам қаржы беріледі

Алдағы жылы жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңгеден астам  субвенция берілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел қазынасынан бөлінетін қаржының артуы облыстық және қалалық мәслихаттарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жөнінде Сенат төрағасы Дариға Назарбаева мәлімдеді. Мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толуына орай өткен республикалық конференцияда атқарған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Әсіресе, ауыл, аудан және қала әлеуетін көтерудегі депуттардың рөлі сөз болды. «Халық қалаулылары мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және өзекті мәселелерді шешуге  белсенді қатысуы керек», – деді Дариға Назарбаева.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Республикалық деңгейде шешім қабылдаған кезде аймақтардың, ең алдымен мәслихат депутаттарының ұстанымдары мен пікірлеріне назар аудару қажет. Себебі жергілікті халықтың жағдайын олар жақсы біледі. Сондай-ақ өңірлік бюджет қаржысына тек  әкімдіктер ғана емес, мәслихат депутаттары да жауапты екенін айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы