376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропалық саясаткерлер еліміздің жетістіктеріне жоғары баға берді

  • 207
  • UPD: 12:24, 07.12.2019

Брюссельде Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті.  Дербестікке ие болғаннан кейін еліміздің өткен жолымен танысқан еуропалық саясаткерлер, ғалымдар мен сарапшылар Қазақстанның жетістіктеріне жоғары баға берді.

Тәуелсіздігіміздің 28-жылдығымен құттықтаған Азиялық зерттеулер бойынша еуропалық институт директоры Аксель Гуталс Қазақстан жетістіктері көп-векторлы сыртқы саясатымен тікелей байланыста екенін ерекше атап кетті. Бұл саясат аймақта тұрақтылықты қамтамасыз етіп, көрші елдер мен әлемдегі үлкен державалармен тату қарым-қатынастар орнатуға бағытталған.   

Аксель Гуталс, Азиялық зерттеулер бойынша Еуропалық институт директоры:

- Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанның басты үш міндеті болды. Бұл - нағыз тәуелсіздікке ие болу, ел ішінде тұрақтылықты қамтамасыз ету және өз мәдени тамырларына оралу. Қазақстанның Тұңғыш Президенті осы істе үлкен жетістіктерге жетті. Бүгінде Қазақстан болашққа үлкен сеніммен қарап отыр. Көптеген маңызды бастамаларының арасында әлемдік және дәстүрлі діндер Съездінің бірегей алаңын құру бар. Өзге де бейбіт бастамаларды бүкіл әлемде ілгерілетуде Қазақстанның рөлі маңызды. 

Хабар 24 телеарнасы