376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

  • 229
  • UPD: 16:49, 07.12.2019
Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

3-7 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы қос елдің үкіметтік делегацияларының отырысы өтті.

Комиссия Өзбекстан Республикасының Науаи облысымен шектесетін Қазақстан Республикасының Қызылорда облысының шегіндегі учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындады.

Делегациялар 2020 жылы орындау жоспарланған Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы далалық демаркациялық жұмыстардың көлемін талқылады.

Тараптар Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының 2019 жылы атқарған жұмысын қорытындылады.

Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы атмосферада өтті.

Ақпарат көзі: ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы