419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапония-Корея арасындағы дау саябырси бастады

  • 513
  • UPD: 19:17, 07.12.2019

Токио мен Сеул даулы мәселелерді тоқтатуы керек. Сеулдегі жапонтану орталығының директоры Джин Чан Су осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, Корея Жапониядан мәжбүрлі еңбек құрбандарына өтемақы төлеуді сұрауын доғаруы керек. Есесіне, жапондықтар экспорттық шектеулерді және Кореяны сенімді сауда серіктестерінің тізімінен шығаруды кейінге қалдыруы тиіс. Қазір де екі ел арасындағы сауда дауы саябырсып келеді. 16 желтоқсанда Токиода қос елдің Сауда және өнеркәсіп министрліктері экспорттық саясат бойынша келіссөздің жетінші раундын өткізеді. Бұған дейін Сеул екі мемлекет арасындағы әскери ақпарат алмасу туралы келісімді жаңарту туралы шешім қабылдаған. Оған АҚШ ықпал еткен еді. Себебі екеуі де АҚШ-тың аймақтағы одақтасы.

Джин Чан Су, Жапония зерттеу орталығының директоры:

– Әскери ақпарат алмасу туралы келісімді жаңартудағы АҚШ-тың рөлі үлкен болды. Менің ойымша, Трамп үшін бұл құжат өте маңызды. Американың стратегиясы – Вашингтон одақтастары Оңтүстік Корея мен Жапония арасында жақсы қатынастар болуы керек. Бұл формуланы өзгерту АҚШ-тың Шығыс Азиядағы бүкіл стратегиясының өзгеруіне теріс әсер етуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы