376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Гонконгта ұсталған қазақстандық студентке құқықтық көмек көрсетіп жатырмыз

  • 176
  • UPD: 21:48, 09.12.2019

Гонконгта ереуілдер кезінде қамауға алынған қазақстандық студенттің соты 2020 жылы қаңтардың ортасында өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Айта кеткен жөн, 18 қарашада Гонконгтағы тәртіпсіздіктер кезінде Қазақстан азаматы Нүкпи Әбілқайыр қамауға алынған еді. Отандасымыз жергілікті Баптист университетінің бірінші курс студенті.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Өздеріңіз білесіздер, ол жақта көп адам ұсталды қазір. Әрине, уақыты келген кезде соты болады. Сол сотында шешім қабылданады. Адвокат таптық. Туыстары келді Гонконгқа. Олармен кездесу өткіздік. Құқықтық көмек көрсетіп жатырмыз.

Айбек Смадияров сондай-ақ Нұр-Сұлтанда 10-11 желтоқсанда өтетін Астана процесі аясында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 14 халықаралық кездесуге де тоқтала кетті. Айтуынша, барлық тараптар келіссөздерге қатысатынын растаған және елордаға келе бастаған. Ол сондай-ақ шара алдында кепілгер елдердің өкілдері сарапшылар деңгейінде екіжақты және үшжақты кеңес өткізуге ниетті екенін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы