426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте терроризмді қаржыландыруға қарсы заң жобасы мақұлданды

  • 451
  • UPD: 15:09, 11.12.2019
Мәжілісте терроризмді қаржыландыруға қарсы заң жобасы мақұлданды

Бүгін Мәжіліс депутаттары терроризмді қаржыландыруға қарсы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжаттың мақсаты – қолданыстағы заңның кем-кетігін түзетіп, халықаралық конвенциялардың талаптарын орындау.

Айта кетейік, 2021 жылы қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша Еуразиялық топ Қазақстан Республикасына қатысты бағалау жұмыстарын жүргізеді. Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, аталған заң жобасын әзірлеу қажеттілігі осы бағалауға дайындалу үшін әзірленген.  

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Терроризммен күрес – лаңкестерді анықтап, олардың іс-әрекетіне тосқауыл болу ғана емес. Сондай-ақ оларды қаржыландыруға қарсы тұру. Көп жағдайда бақылауды күшейту, қылмыстық жолмен келген кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимылдар жақсы нәтиже береді. Бүгінгі заң жобасының маңызы да осында.

Хабар 24 телеарнасы