430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президентіне инфляция динамикасы мен Президенттік кадр резерві туралы баяндалды

  • 432
  • UPD: 20:36, 11.12.2019
ҚР Президентіне инфляция динамикасы мен Президенттік кадр резерві туралы баяндалды

Ұлттық банк төрағасымен кездесуде Қазақстан Президентіне жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының 2019 жылдың 11 айындағы қорытындылары, инфляция динамикасы, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің ахуалы туралы баяндалды.

Сондай-ақ Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияға байланысты болжамдарды, 2020 жылға арналған ішкі жалпы өнімнің өсуі және төлем балансының ағымдағы шоты бойынша жорамалдарды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар тапсырма берді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Мемлекет басшысына «Президенттік кадр резервінің» 4-кезеңінің қорытындысы туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.

Атап айтқанда, Анар Жайылғанова өткен кезеңнің негізгі критерийлері мен талаптары, сарапшылар комиссиясының құрамы жайында айтты. Агенттік төрағасының айтуынша, үміткерлермен әңгімелесу әділ әрі конкурс ережесіне сай өтті.

Президент ақтық кезеңнің барынша ашық өтуін қамтамасыз етуді және ең лайықты үміткерлерді іріктеп алуды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы