419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының штаб-пәтері ашылды

  • 402
  • UPD: 15:07, 12.12.2019
Елордада Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының штаб-пәтері ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында «Астана» халықаралық қаржы орталығының ғимаратында Нұр-Сұлтан қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) штаб-пәтері ашылды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков, АҚИҰ бас директоры Ерлан Байдәулет, сондай-ақ Бангладеш, Буркина-Фасо, Гамбия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшы қызметкерлері және Қазақстанда аккредиттелген ИЫҰ мүше елдердің елшілері қатысты.

Ш.Нұрышев өз сөзінде Қазақстан АҚИҰ қызметіне және осы ұйымның мүшелік құрамын кеңейту бойынша жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Іс-шара аясында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы мен АҚИҰ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Осы күні АҚИҰ штаб-пәтерінде АҚИҰ атқарушы кеңесінің кезекті 4-ші отырысы ашылды, онда кездесуге қатысушылар ұйымның ИЫҰ-ға мүше елдердің Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы практикалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған ағымдағы қызметі талқыланады.

Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында АҚИҰ құру туралы бастама Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Қазіргі уақытта ұйымның құрамына Ислам әлемінің 34 мемлекеті кіреді және оның қызметі ауыл шаруашылығы мен азық-түлік әлеуетін дамыту саласында мұсылман әлемінің күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы