447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Майк Помпео Қазақстанға ресми сапармен келуге ниетті екенін білдірді

  • 288
  • UPD: 09:19, 14.12.2019
Майк Помпео Қазақстанға ресми сапармен келуге ниетті екенін білдірді

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді екі күндік ресми сапармен АҚШ-қа барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесіп, екіжақты келіссөздер өткізді. Мемлекеттік хатшы «Біз қазақ елін өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы басты серіктес деп санаймыз», деп мәлімдеді. Сондай-ақ сапар барысында Мұхтар Тілеуберді Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшылығымен және Қазақстанның Достар тобындағы АҚШ конгрессмендерімен келіссөздер жүргізді. Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарының басым бағыттарының бірі – экономикалық ынтымақтастық. 2019 жылғы қаңтар-қазан аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,8 млрд долларды құрады. Жалпы 2005 жылдан бастап АҚШ еліміздің экономикасына шамамен 40 млрд доллар тікелей инвестиция құйған болатын. Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту аясында және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында Мұхтар Тілеуберді АҚШ Конгресінің кітапханасына барып, қазақ әдебиетінің екі томдық антологиясы мен ұлы ақынның қара сөздер кітабін салтанатты түрде табыс етті.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Мына кездесулердің барысында, талқылаулар барысында америкалық тарап біздің елімізді Орталық Азия аймағында ең мықты дамып жатқан мемлекеттің бірі деп танытуда. Сонымен қатар Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен мына аймақтық даму немесе Ауған проблемаларына бірге жұмыс істеуге қызуғышылық көрсетуде. Сонымен қатар, мына біздің екі мемлекет арасында саяси диалог пен оның үстіне экономикалық ынтымақтастық дамытуға мүдделі. Сонымен қатар кездесуім Мемлекеттік хатшы Майк Помпео Қазақстанға ресми сапармен баруға ниетті екенін білдірді.

Хабар 24 телеарнасы