377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Германия: екіжақты ынтымақтастық барысы қорытындыланды

  • 167
  • UPD: 14:02, 14.12.2019

«Биылғы жыл Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қарым-қатынас үшін маңызды әрі жемісті болды», - дейді неміс сарапшылары.

Мәселен, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды. Сапар аясында құны 2 миллиард доллардан асатын келісім құжаттарға қол қойылды.

Сарапшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия президенті және канцлерімен кездескенін де тілге тиек етті. Тәуелсіздік күні қарсаңында Берлинде өткен салтанатты қабылдау кезінде екіжақты ынтымақтастық барысы қорытындыланды. Сондай ақ қазақ елін айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтауға Бундестаг депутаттары, Германияның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, кәсіпкерлер келді. Қазақ диаспорасы мен осы елде білім алып жүрген қазақстандық студенттер де салтанатқа қатысты. Қабылдау кезінде еліміздің өнер шеберлері Құрманғазы күйлерін орындап, қонақтарды өз өнерімен тәнті етті.

Дәурен Кәріпов, ҚР Германиядағы елшісі:

- Біздің Қазақстан мен Германияның қарым-қатынасының осы экономикалық бағытында үлкен жаңа бір белеске жеттік деп айтуға болады. Себебі, осы сапардың аясында біз 2,4 млрд долларға келісімшартқа қол қойдық. Яғни, бұл Германия тарапынан Қазақстанға деген қызығушылықтың өсіп жатқандығын көрсетеді. Біз ары қарай жұмыс жасаймыз. Әрине, біз үшін Германиядан Қазақстанға инвесторлардың келуіне, олардың жаңа технологияларының Қазақстанға келуіне біз үлкен қызығушылық танытып отырмыз.

Манфред Грунд, Бундестаг депутаты:

Қазақстан мен Германияны достық қарым-қатынас байланыстырады. Елдеріңіз экономикалық тұрғыдан да біз үшін маңызды мемлекеттердің бірі. Президент Тоқаевтың ресми сапары кезінде технология саласы мен парламенттік ынтымақтастық жағынан жаңа міндеттер белгіленді. Алдағы уақытта серіктестігіміздің тек нығая түсетініне сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы