378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның Кореядағы елшілігі Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өткізді

  • 219
  • UPD: 18:23, 14.12.2019

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда айналымы бес миллиард доллардан асты. Бұл туралы Сеулде Қазақстан елшісі Бақыт Дүйсенбаев мәлімдеді.

Елшілік Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Кеш қонақтары ұлттық тағамдарымыздан дәм татып, қазақ әуендерін тыңдады.  Шара барысында сондай-ақ қазақстандық ұлттық авиакомпания қонақтар арасында авиабилеттер ұтысы ойынын өткізді. Нәтижесінде кореялық қос азаматтың бағы жанды. Концертте Оңтүстік Кореяда оқып жатқан қазақстандық студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдері өнер көрсетті. Оңтүстік Кореяның танымал опера әншісі Лим Чон Хва Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.  

Бақыт Дүйсенбаев, ҚР Корея Республикасындағы төтенше және өкілеттіелшісі:

- Тоғыз айдың қорытындысы бойынша тауар айналымы бес миллиард доллардан асып, рекордтық деңгейге жетті. Корея бүгінде жалпы тауар айналымы бойынша Қазақстанның төртінші ірі сауда серіктесі болып табылады. Қазақстанға импорттайтын сауда серіктестері арасында ол үшінші орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы