427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Католик шіркеуінің архиепископы: Қазақстанды өз үйіміздей көреміз

  • 652
  • UPD: 23:29, 14.12.2019

Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай Еуро Парламентте алғаш рет қазақстандық конфессияаралық және дінаралық келісім үлгісі талқыланды. Кәрі құрлық елдерінің депутаттары, жергілікті католик шіркеуінің өкілдері, іскерлік және ғылыми қауымдастық Брюссельде бас қосып, қазақ қоғамының өзіндік ерекшеліктерімен танысты.

Католицизм - Еуропадағы негізгі конфессиялардың бірі. Әлемде кең таралған дін өкілдері елімізде де бар. Бұл жайында Еуропарламентте архиепископ-митрополит Томаш Бернард Пэта айтты. Қазақ халқының кең пейілі мен бейбітсүйгіш қасиетін де әңгімеледі. 

Томаш Бернард Пэта, католик шіркеуінің архиепископы:

- Елде католиктер аса көп емес. Шамамен 100 мыңнан асады. Көбі тарихи отандарына оралған. Дегенмен, Қазақстанды өз үйіміздей көреміз. Қазақстанда дінаралық еркіндік бар. Және сол ерекшелігімен әлемге үлгі. 

Қазақ жерінде қазір 130-дан астам ұлт пен 18 конфессия өкілдері өмір сүреді. Ел тарихында дінаралық қақтығыс болған емес. Керісінше, бас қалада әлемдік деңгейдегі жиындар өтеді. Соның бірі дәстүрлі және әлемдік дін көшбасшыларының сьезі. 2021 жылы 7- форумын өткізу жоспарланып отыр. 

Рышард Чарнецкий, Еуропа парламентінің депутаты, «Қазақстан - ЕО» достық тобының төрағасы:

- Польшада дүниеге келіп, Қазақстан азаматы атанған Томаш Бернард Пэтаның сапары біз үшін өте маңызды. Ол қазақ қоғамындағы католиктердің орнын әңгімелеп, мемлекетпен әріптестіктің ерекше үлгісін таныстырды. Қазақстанның Азиядағы ең бір еуропалық, ал Еуропада ең бір азиялық ел екеніне көз жеткіздік. 

Қазақстан архиепископы Еуропа астанасына жасаған сапарын діни дәстүрмен тәмамдады. Сондай-ақ отандастарын тәуелсіздік, ал еуропалықтарды Рождество мерекесімен құттықтады.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы