445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения Қазақстанмен ынтымақтастығын арттыруға ниетті

  • 262
  • UPD: 18:46, 15.12.2019
Армения Қазақстанмен ынтымақтастығын арттыруға ниетті

Армения Қазақстанмен ынтымақтастығын одан әрі арттыруға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдің вице-премьері Мгер Григорян мәлімдеді. 2020 жылы армян кәсіпкерлері елімізбен IT, байланыс және құрылыс саласы бойынша ынтымақтастығын нығайтпақ. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 13 миллион долларға жеткен. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Мгер Григорян, Армения вице-премьері:

Қазақстан халқын шын жүректен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл мерекені біз Арменияда да атап өтеміз. Елдеріміз барлық сала бойынша ынтымақтастық орната алды. Оның деңгейіне көңіліміз әбден толып отыр. Біз арадағы қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтуға мүдделіміз.

Хабар 24 телеарнасы