411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ елімізді Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 645
  • UPD: 08:52, 16.12.2019

Бүгінде Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы серіктестік жоғары деңгейде. Мемлекеттер бірлестігі қашанда қазақ елінің қарқынды дамуына қызығып, әлеуетіне ерекше сенім білдірген.

Бұл туралы Одақтың Ресей, Шығыс серіктестік және Орталық Азия елдері бойынша басқарушы директоры Люк Девинь мәлімдеді. Саясаткер Еуроодақтың Қазақстан үшін ең үлкен инвестор әрі сауда серіктесі екенін атап өтті. Сондай-ақ ұлы дала тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ізгі тілегін арнады. 

Люк Девинь, ЕО Ресей, Шығыс серіктестік және Орталық Азия елдері бойынша басқарушы директоры:

- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясына сай келеді. Бұл құжатқа Қазақстан да өзінің ауқымды үлесін қосқаны қуантады. Болашақта серіктестігіміз нығайып, достығымыз тереңдей түседі деген сенімдеміз. Қазақстан халқын 28-ші мерейлі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Елге экономикалық өсім, әрбір қазақ халқына бақыт пен жарқын болашақ тілеймін!

Хабар 24 телеарнасы