411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан 28 жыл ішінде ішкі және сыртқы саясаты тұрақты елге айналды

  • 447
  • UPD: 09:02, 16.12.2019
Қазақстан 28 жыл ішінде ішкі және сыртқы саясаты тұрақты елге айналды

Қзақстан Тәуелсіздік алған 28 жыл ішінде дамудың даңғыл жолына түсіп, ішкі және сыртқы саясаты тұрақты мемлекетке айналды.

Экономикасы мен әлеуметтік саласы қарқынды дамып, шет елдерге үлгі бола алды. Қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтаған Ресей қаржы-өнеркәсіп қауымдастығының президенті Олег Сосковец осылай деп, қазақ елін мерекемен құттықтады.

Олег Сосковец, Ресей қаржы-өнеркәсіп қауымдастығының президенті:

- Бұл 28 жыл Қазақстан үшін жасампаздық, даму, беку, нығаю жылдары болды. Көршілес Ресей мемлекетінен қазақ елінің өсіп, өркендеуін көріп, қуанып отырамыз. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде мемлекет өз территориясын көркейтіп, алға қарай қадамдарды нық басып келеді.

Хабар 24 телеарнасы