411,57 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бундестаг депутаттары Тәуелсіздік күніне орай жылы лебіздерін білдірді

  • 337
  • UPD: 14:35, 16.12.2019

28 жылда Қазақстан әлемдік саясатта өзіндік орнын қалыптастырып, дипломатиялық және экономикалық тұрғыда жаңа деңгейге көтерілді. Мұндай пікірді Бундестаг депутаты Карин Штренц білдірді. Штренцтің айтуынша, осы уақыт аралығында Қазақстан ел ішіндегі бірлікті сақтау арқылы Германияның сенімді әрі маңызды серіктестерінің біріне айналды.

Карин Штренц, Бундестаг депутаты:

- Қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Біздің достық қатынас орнатқанымызға міне бірнеше жыл болды. Біз осы байланысты одан әрі бекемдеп, өзара сауда айналымын ұлғайтуға мүдделіміз. Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы ел әрі біздің ең сенімді серіктесіміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға жасаған сапары соның дәлелі. Екі жақты кездесулерге қатысып, Қазақстанның даму бағыты жайлы көп ақпарат алдым. Шынында атқарылған іс жетерлік. Сіздерге осы бағыттан таймай үлкен белестерді бағындыруды тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы