427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп: АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық көп елге үлгі

  • 706
  • UPD: 23:54, 16.12.2019

АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық көп елге үлгі.

Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп осылай деп, қазақ елінің Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан егемендігінің 28 жылдығына арналған салтанатты шаралар Вашингтон мен Нью-Йоркте өтті. Мұхиттың арғы жағындағы алып мемлекеттің Ұлы дала еліне осылайша көңіл бөлуі еліміздің халықаралық сахнадағы беделін көрсетеді. Вашингтонда өткен салтанатты кештің қонақтары Қазақконцерт шығармашылық ұжымының өнерін тамашалады. Ал Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігіміз ауқымды шара ұйымдастырды. Осы орайда фотограф Тұрар Қазанғаповтың көрмесі бұл кештің шырайын ашқанын атап өткеніміз жөн.

Ричард Хогланд, АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің бұрынғы орынбасары:

– Бүгінде Қазақстан – АҚШ-тың сенімді серіктесі. Екі маңызды оқиға есімде қалды. Бұл – Қазақстанда 2010 жылы өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиты. Онда АҚШ атынан Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон қатысқан. Мен оған еріп барғанмын. Ал екіншісі бәлкім одан да маңызды естелігім БН-350 реакторынан жоғары байытылған уран мен плутонийді жерге көмудің соңғы кезеңімен байланысты. Бұл шара әлемдегі қауіпсіздікті күшейткен болатын. Осындай қадамдары арқасында Қазақстан әлемдік аренада маңызды орынға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы