423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұстафа Шентоп: Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел екенін әрдайым мақтан тұтады

  • 1024
  • UPD: 22:04, 16.12.2019

Бүгінгі Қазақстан – саяси тұрақты, экономикасы орнықты ел.

Ол өңірдегі өзінің рөлі мен жауапкершілігін сезіне отырып, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен жетістіктерге қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоптың пікірі осындай. Елімізді Тәуелсіздік күнімен құттықтаған парламент спикері екі ел арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады.

Мұстафа Шентоп, Түркия ұлы ұлттық мәжілісі төрағасы:

- Бауырлас қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет болғанын әрдайым мақтан тұтады. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынас біз үшін өте маңызды. Алда сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізу межесі тұр. Бұл ретте қыруар жұмыс атқарылуда.

Хабар 24 телеарнасы