381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ Мысырдағы елшілік қызметкерінің өлімін растады

  • 265
  • UPD: 16:53, 17.12.2019
ҚР СІМ Мысырдағы елшілік қызметкерінің өлімін растады

Бұл туралы Қазақпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Е.Жолдасовтың қазасы туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта осы елдің прокуратурасы қажетті тергеу шараларын жүргізуде. Осыған байланысты тергеу нәтижелері бойынша ресми ақпарат пайда болмас бұрын, бұл трагедияға қатысты әртүрлі интерпретация мен негізсіз ақпарат таратудан бас тартуды сұраймыз. Министрліктің өкілдері Египетке тергеуге қатысу үшін жіберілді», – делінген министрліктің хабарламасында. Сыртқы саяси ведомство мәліметіне сай, толық ақпарат 18 желтоқсанда ҚР сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің брифингінде беріледі.

«Министрлік Е.Жолдасовтың туыстары мен жақындарына шын ниетімен көңіл айтады және дипломаттың отбасына барлық көмек көрсетеді», – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы