432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Нығматулин бастаған делегация Бакуде ТүркПА іс-шараларына қатысып жатыр

  • 451
  • UPD: 09:49, 18.12.2019
Н.Нығматулин бастаған делегация Бакуде ТүркПА іс-шараларына қатысып жатыр

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация Бакуде өтіп жатқан Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының іс-шараларына (ТүркПА) қатысып жатыр, деп хабарлады parlam.kz

Делегация бағдарламасы аясында «Түркі әлеміндегі парламенттік дипломатия: бейбітшілік пен қауіпсіздік мүддесіндегі өңірлік ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында пленарлық отырыс өтіп, онда Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин сөз сөйлейді деп жоспарланған. Сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық тақырыптармен, қоршаған ортаны қорғау және және табиғи ресурстарды пайдалану,сонымен бірге, халықаралық қатынастар және заңнамалық мәселелермен айналысатын ТүркПА тұрақты комитеттерінің ұсынымдары талқыланатын болады. Сондай-ақ, Парламент өкілдері Түркі әлемінің материалдық емес мәдени мұраларын қорғау туралы модельдік заңдар жобасын қарастырып, туризм мәселесіне баса назар аударатын болады. Қол жеткізілген келісімдер мен шешімдер Баку декларациясында көрсетіледі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин шетелдік әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы