418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Тілеуберді Египеттегі қазақ елшісінің қазасына қатысты пікір білдірді

  • 536
  • UPD: 11:39, 19.12.2019
М.Тілеуберді Египеттегі қазақ елшісінің қазасына қатысты пікір білдірді

ҚР СІМ Мұхтар Тілеуберді Египетте қазақ дипломатының жұмбақ жағдайда қаза табуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Закон кз.

«Тексеріс нәтижесін күтіп отырмыз. Бір нұсқасы, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Бұл біз үшін орны толмас қайғы, ауыр тиді. Ол бізбен бірге бірнеше жыл жұмыс істеген өте сауатты маман болатын», – деді ведомство басшысы.

Осы жазда Еламан Жолдасовтың Мысырдағы үшжылдық іссапары ақталуы тиіс еді.

Алайда Мұхтар Тілеуберді оның елшіліктегі жұмысы маңызды болғанын айтып, заңға сәйкес қызметін бір жылға ұзартып бергендерін жеткізді. 

Бұған дейін Египеттегі Қазақстан елшілігінің мәдени-гуманитарлық мәселелер бойынша қызметкерінің қазасына байланысты осы елдің полициясы қылмыстық іс қозғағанын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы