399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы араб елшісімен кездесті

  • 304
  • UPD: 21:56, 19.12.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мохаммад әл-Джабермен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайту, мәдени байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында визасыз жүйе енгізілгеннен кейін, әуе рейстерінің көбейгенін айтты. Бұл туристер санының артуына сеп болған. Өз кезегінше, араб елшісі Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, екі елдің берік байланысы одан әрі беки беретініне сенім білдірді. Ізінше Нұрсұлтан Назарбаевқа «Бейбітшілік кілемін» тарту етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

– Наши отношения развиваются очень динамично с момента обретения Казахстаном независимости. Мы всегда находились в тесном контакте с руководством ОАЭ. Благодаря этому мы решили вопрос о безвизовом режиме между странами, увеличили количество авиарейсов, что привело к росту туристов и в целом, повлияло на расширение экономических связей.

Мохаммад Әл-Джабер, БАӘ Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

– Қазақстан - Орталық Азиядағы біздің ең негізгі серіктестеріміздің бірі. Екі мемлекет арасында визасыз жүйе енгізілген. Бұл қадам туризм саласын дамытуға және кәсіпкерлікті өркендетуге мүмкіндік берді.

Хабар 24 телеарнасы