419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті ынтымақтастық мәселелері талқыланды

  • 576
Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Орталық Азиядағы аймақтық өкілдігінің басшысы, дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Жан Жером Касабянканы қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ алдағы бірқатар байланыстар мен іс-шаралар талқыланды. Гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, Қазақстан мен ХҚКК арасындағы тығыз және сенімді диалогқа өзара қызығушылық білдірілді, ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрінің орынбасары ХҚКК Өңірлік өкілдігінің басшысына Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлес үшін алғысын білдірді және жаңа қызметінде табыстар тіледі.

Хабар 24 телеарнасы