378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Санкт-Петербургке барды

  • 279
  • UPD: 15:51, 20.12.2019

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.

Бірер сәт бұрын Елбасы ұшағы Санкт-Петербург әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабаралады. Басқосу кезінде бірлестік аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, атқарылған жұмыс қорытындыланады.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде еңбек етіп жүрген азаматтарды зейнетақымен қамту жөніндегі келісімге қол қойылады деп күтілуде. Әлеуметтік маңызы зор құжаттың қабылдануы – алқалы жиынның басты жаңалықтарының бірі болады. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті Төрағасы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, бірқатар маңызды мәселелерге назар аударады. Кеңес отырысынан кейін Елбасы ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы