447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БАҚ өкілдері жала жабу туралы баптың әкімшілік кодекске ауыстырылуын қолдайды

  • 293
  • UPD: 19:40, 20.12.2019

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сын айтқанда немесе кемшілікті жазғанда ардан аттап, артық кетуге болмайды.

Шынайы ақпарат, нақты дерек пен дәйек басты назарда болуы керек. Президенттің ұлттық кеңесте жала жабу немесе жалған мәлімет тарату жөніндегі қылмыстық жауапкершілікті ҚР Қылмыстық Кодексінің 130 бабынан әкімшілік жауапкершілікке ауыстыруы жазаны ізгілендіру саналады» дейді журналист Нұрперзент Домбай. 

Нұрперзент Домбай, «Ана тілі» газеті  бас редакторының орынбасары:

- Газетте жүргеннен кейін біз кейбір жайларға жақсы қанықпыз. Болмашы нәрселерге бола журналистерді мысалы, әріптестерімізді сотқа сүйрейтіндер бар. Сөйтіп, кәдімгідей қылмысқа тартып жатады. Кей жағдайда артықтау ма деп ойлаймын.Сондықтан да президенттің оны қылмыстық кодекстен алып әкімшілік кодекске енгізуі қолдайтын нәрсе. Бірақ дегенмен, біз мынаны ойлауымыз керек. Бұл адамдардан жауапкершілікті түсіреді деуге болмайды. Не жазып, айтсақ та байыбына барып, шындыққа көз жеткізіп, сөйтіп барып айтқанымыз дұрыс.

Хабар 24 телеарнасы