377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Партия құру – өз ойын Парламентте айту үшін үлкен мүмкіндік – Саясаткер

  • 192
  • UPD: 20:14, 20.12.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы арқылы бұқараның көкейінде жүрген түйткілді мәселелердің бәрі биліктің құлағына жетті.

Кеңес мүшесі Бекболат Тілеухан осылай дейді. Айтуынша, осыған дейін айтылған мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмаған. Бүгінгі отырыста бірқатар атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері жария болды. Яғни саяси мәдениеттің жоғарғы дәрежесін көрсете отырып, қоғамдағы жақсы өзгерістің болуына  ұлттық кеңестің қосқан үлесі айырықша.

Бекболат Тілеухан, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Ұлттық кеңестің жұмыс істеу барысына байланысты айтатын болсақ, бір кеңестер 3-4 сағатқа дейін жүрген кездер болды. Мұнда қаралған мәселелер үкімет мүшелері тарапынан қолдау алып, солармен тікелей диалогқа барып, бәрінің министрлердің өзіменг, аппараттағылармен келісе отырып, нақты нәтижеге жеткеніміз қуантарлық жағдай. 

Ал Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Жамбыл Ахметбеков партия құрудағы жеңілдіктердің қоғам дамуына жақсы ықпал ететінін айтады.

Жамбыл Ахметбеков, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

- Саяси партияны құру үшін қазіргі заң аясында 40 мың мүшесі болуы керек. Олардың қолын жинап болса тіркеуге әділет министрлігіне беруге болады. Ал қазіргі таңда оны біздің кеңестік мүшелері айтқанан кейін тыңдалып, ол 20 мың партия мүшесі болуға дейін төмендетілді. Бұл жақсы жаңалық. Партия құрамын дейтін белсенділер болса өз ойларын парламентте айта аламын дейтіндерге үлкен мүмкіншілік.

Хабар 24 телеарнасы