376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде митинг мәдениетін қалыптастыру мәселесі қызу талқылануда

  • 133
  • UPD: 20:06, 23.12.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында айтылған ұсыныстар әлі қызу талқыланып жатыр. Әсіресе митинг мәдениетін қалыптастыру мәселесі көптеген пікірталастарға негіз болды. Сарапшылар шеруге шыққан азаматтарды қудаламай ұсыныстарына құлақ түрген жөн. Алайда мұндай жиынға қатысушылар өзгелердің де құқығын ескеруі керек деседі.

Алмас Арзықұлов, Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері: 

- Бұрындары мысалы, митингке шығатын кезде жергілікті органнан рұқсат сұрау керек болса, енді рұқсат сұраудың қажеті жоқ. Тек ескерту жасау керек болады. Ескерту бойынша қандай жерде, қандай уақытта, қандай мәселемен шығатынын, неше адам болатыны деген сияқты нәрселерді толығымен жазып көрсету керек. Бұл жерде тек ғана митингке шығатындардың құқығы емес, жауапкершілгі де бар екенін айта өткен жөн. Мысалы, митингтің негізігі талаптарының бірі қоғамда басқаларға кедергі жасамау немесе мемлекеттің, жеке адамдардың мүлкіне зияны тимеу мәселесін айтып өтті. Соған байлысты біз өз ойымызды мәдени етті түрде жеткізе білуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы