423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин: Экология бұзылған сайын денсаулық сақтауға бөлінетін қаржы өсіп келеді

  • 499
  • UPD: 10:24, 24.12.2019
А.Мамин: Экология бұзылған сайын денсаулық сақтауға бөлінетін қаржы өсіп келеді

Үкімет басшысы Асқар Мамин елдегі экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығыстар ұлғайып бара жатқанын мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған аса маңызды міндеттерінің бірі. Жыл сайын экологиялық қауіпсіздік мәселелері өзекті бола түсуде. Атмосфераға шығарылатын қалдықтардың адамдардың денсаулығына ғана емес, экономикаға да әсері бар. Денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаржы ұлғайып, еңбек өнімділігі төмендеуде. Қазақстанда кейінгі 4 жылда атмосфераға тасталатын ластаушы қалдықтар көлемі 13 пайызға өсті. Ірі қалаларда ауаның ластануына әсер ететін негізгі фактор – автокөлік», – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, мысалы, Алматы қаласында атмосфераға шығарылатын барлық шығарындылардың 65 пайызы – автокөліктерге тиесілі.

«Біз қоршаған ортаны барынша сақтап қалуымыз керек. Баламалы энергетиканы дамытып, қалдықтарды басқару мәселелерін пысықтау қажет», – деді ол. Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев тиісті шара қабылданбаса, 2030 жылы болжам бойынша ластаушы заттардың эмиссиясы 3,6 млн тоннаға дейін өсетінін болжаған еді.

Хабар 24 телеарнасы