378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

  • 241
  • UPD: 16:45, 24.12.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстанның екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап айтты.

Ақпарат көзі: Ақорданың ресми сайты

Хабар 24 телеарнасы