376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісін қабылдады

  • 182
  • UPD: 21:06, 24.12.2019
Қ.Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісін қабылдады akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың даму қарқынына оң баға беріп, ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша, атап айтқанда, сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіп және мәдени-гуманитарлық салаларында ілгерілеу байқалатынын атап өтті.

Алексей Бородавкин жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы, сондай-ақ, елшіліктің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді.

 

Хабар 24 телеарнасы