430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс ШЫҰ Экстремизммен күрес конвенциясын мақұлдады

  • 303
  • UPD: 15:06, 25.12.2019
Мәжіліс ШЫҰ Экстремизммен күрес конвенциясын мақұлдады

Парламент Мәжілісінің депутаттары халықаралық екі құжатты ратификациялады. Оның бірі Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясына байланысты.

Ол ұйымға мүше мемлекеттердің экстремизмге қарсы алдын ала әрекет етуіне, бір-біріне құқықтық көмек көрсетуге өзара ынтымақтастығын арттыруға бағытталған. Конвенцияны бүгінде Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстан елдері ратификациялаған. Оның аясында өңірлік ұйымдар бірлесе отырып, ғаламтор мен бұқаралық ақпарат құралдарында теріс ағымды насихаттайтын ақпараттармен күресті күшейтеді. Сонымен қатар дәстүрлі мәдени патриоттық тәрбиені таныстыру жолында күш біріктіреді.

Нұрғали Білесбеков, ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары:

- Конвенцияның ережелерін іске асыру қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді, сондай-ақ жаңа заңдар мен өзге де нормативтік актілерді қабылдауды талап етпейді. Себебі әрбір мемлекетте күшіне енген нормативтік актілер пайдаланылатын болады. Заңды қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейді.

Хабар 24 телеарнасы