376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік кадрлық резервке енген жастардың әрбіріне қатысты жоспар әзірленеді

  • 181
  • UPD: 15:34, 25.12.2019
Президенттік кадрлық резервке енген жастардың әрбіріне қатысты жоспар әзірленеді

Президенттік кадрлық резервке енген 300 жастың 46-сы шетелде жұмыс істейді. Ал елде еңбек ететіндерінің басым бөлігі жеке және квазимемлекеттік сектор өкілдері. Резервке іріктеу талаптары 6 кезеңді қамтыды. Нәтижесінде 300 жас қарым-қабілеттерін дәлелдеп, үздік шықты.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. Президенттік кадрлық резервке енген жастардың дені жеке және квазимемлекеттік секторда жұмыс істейді. 98-і бюджеттік мекеме қызметкері. Білімдері жоғары. 57 проценті шетелдік оқу орнын тәмамдаған. Кез келгені жоғары лауазымды қызметке сақадай сай отыр. 

Іріктеу жеңімпаздарының 46-сы шетелде тұрып, еңбек етеді. Олар жобаға қатысуға өздері өтініш білдірген. Алайда барлығын жоғары лауазымға тағайындалатын тұлға деп қарастыруға болмайды. Себебі бұл ең алдымен халыққа шын ниетімен қызмет еткісі келетін жастардың тобы. 

Президент кадрлық резервіне енбеген жастардың да жайы ескеріледі. Оларды мемлекеттік қызметке өзге де ынталандыру жолдары ойлап табылады. 

Резервке еліміздің барлық өңірінен жастар енді. Алдағы тоқсан ішінде әрқайсына қатысты жоспар дайындалады. 6 кезеңді қамтыған іріктеу нәтижесі Президент кадрлық резерв сайтында жарияланған.    

Авторы: Рауан Мыңбаев

Хабар 24 телеарнасы