376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіледі

  • 182
  • UPD: 18:34, 27.12.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда болған ұшақ апатына байланысты Ақордада шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында қаза болғандардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды. «Апаттан көз жұмғандардың туыстарына және зардап шеккендерге қаржылай қолдау көрсетіледі», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Құрметті әріптестер! Өздеріңізге мәлім Алматы маңында ұшақ апаты болды. Қазіргі мағлұмат бойынша 12 адам қаза апты. Біразы зардап шекті. Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккен адамдарға қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл мәселемен Үкімет айналысады. Ал енді қайтыс болғандарды орнымыздан тұрып бір минут үнсіздікпен еске алайық.

ҚР премьер-министрі А.Маминнің төрағалығымен Bek Air әуе компаниясының ұшағының құлау себептерін тергеу бойынша үкіметтік комиссияның отырысы өткізіліп, ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден қаражат бөлінетінін хабарлады.

***

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Естеріңізге сала кетейік, ұшақ Алматы маңындағы Қызылту ауылында апатқа ұшырады. Сағат 07:22-де «Бэк Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктігін жоғалтып, бетонды қоршауға соғылған. Екі қабатты құрылыспен қақтығыс болған. Өрт болған жоқ. Естеріңізде болса, Алматы маңындағы Қызылту ауылында осыдан 6 жыл бұрын да жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапқан.

Хабар 24 телеарнасы