376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

  • 155
  • UPD: 18:52, 29.12.2019
Елбасы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар бір-бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

Түркия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен толағай табыс, Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия қатынастарының жоғары деңгейі мен екі жақты ынтымақтастықты дамытудың зор мүмкіндіктерін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Хабар 24 телеарнасы